Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
«Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер
бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының
2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағында:
5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;
20) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес.»;
2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 19 және 20-қосымшалармен толықтырылсын.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
|
Ж. Шаймарданов |