2018 жылғы іс-шаралар

Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ОКВЭД) енгізу тәжірибесін зерделеу» тақырыбындағы оқу сапары

2018 жылғы 22-23 қаңтарда Астанада Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің оқу сапары өтті.

Оқу Дүниежүзілік банктің «Екі жақты серіктестік: Тәжікстанда статистиканы дамытудың ұлттық стратегиясы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Оқу барысында қарастырылған тақырып: «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ОКВЭД) енгізу тәжірибесін зерделеу».

Оқу барысында Статистика комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының статистикалық жіктелімдерінің ағымдағы жүйесінің, статистикалық бизнес-тіркелімнің презентациясын өткізді, сондай-ақ «Жіктелімдер және стандарттар» ақпараттық жүйесінің негізгі модульдері мен функцияларын қарастырды.

Оқу сапарының нәтижелері бойынша Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігінің өкілдері Қазақстан Республикасының статистикалық жіктелімдерді дамытудың жоғары деңгейін және жіктелімдер саласындағы білімнің құрылымдалуын атап өтті.

 


Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің «Сыртқы сауданы, оның ішінде баға индексін терең талдаудың заманауи әдісі» тақырыбындағы оқу сапары

2018 жылғы 28-30 наурызда Астанада Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігі өкілдерінің оқу сапары өтті.

Оқу Дүниежүзілік банктің «Екі жақты серіктестік: Тәжікстанда статистиканы дамытудың ұлттық стратегиясы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Оқу барысында қарастырылған тақырып: «Сыртқы сауданы, оның ішінде баға индексін терең талдаудың заманауи әдісі».

Оқу барысында Статистика комитетінің қызметкерлері деректерді қалыптастыру кезінде қазақстандық тарап пайдаланатын әдіснамалар мен жіктеуіштерге пайдаланылатын Қазақстан Республикасының сыртқы және өзара сауда статистикасын қалыптастыру туралы, Қазақстан Республикасында сыртқы сауда бағалары индекстерінің құрылысы туралы презентацияларды өткізді.

Оқу сапарының нәтижелері бойынша Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігінің өкілдері Статистика комитетімен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

 


БҰҰ Статистикалық комиссиясының 49-шы сессиясы

2018 жылғы 6-9 наурыз аралығындағы кезеңде Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ Штаб-пәтерінде БҰҰ Статистикалық комиссиясының 49-шы сессиясы өтті.

49-шы сессиясының жұмысына 140 елдің және 40-тан астам халықаралық ұйымдардың, БҰҰ өңірлік және функционалдық бөлімшелерінің делегаттары қатысты. 49-шы сессияға ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Н.С. Айдапкелов қатысты.

49-шы сессияда Тұрақты даму мақсаттары саласындағы деректер ағыны бойынша басқарушы қағидаттарды әзірлеу, ашық деректермен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар, үй шаруашылықтарын зерттеу саласында жұмыс істеудің басым бағыттары, ұлттық шоттар жүйелері, статистикалық жіктелімдер, экологиялық және экономикалық есепке алу, мүгедектік, көші-қон, еңбек және жұмыспен қамту бойынша деректерді жинауды, дайындауды және таратуды жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Интеграция және макроэкономика Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшесі (Министр) Т.Д. Валовая төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ұлттық статистика қызмет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында статистика саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағытындары мәселелер талқыланды.

 


Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің 12-ші отырысы

2018 жылғы 5 сәуірде Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің (бұдан әрі - Комитет) он екінші отырысы ЕЭК Интеграция және макроэкономика алқасының мүшесі Т.Д.Валоваяның төрағалығымен өтті.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері комитет мүшелерімен бірге отырысқа қатысты.

Комитет отырысында ЕЭО-ның цифрлық күнтәртібінің статистикалық көрсеткіштерінің тізбесі және тізбе көрсеткіштеріне сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша жинақтама жіктеу топтарын пайдалану талқыланды.

Отырысқа қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарына жетудің өңірлік көрсеткіштерін жетілдіру, ЕЭО жіктелімін құру және Одақ елдеріндегі халықаралық сауда статистикасының интеграцияланған деректерін қалыптастыру мәселелерін қарастырды.


 

Дата публикации
27 ноября 2021