Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросының сапа саласындағы саясаты
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің ведомствосы бола отырып, республикалық мемлекеттік мекеме: статистикалық әдіснаманы қалыптастырады, статистикалық қызметті мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырады, сондай-ақ қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандырады.
Статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіптік тәуелсіздік және дербестік «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
- Миссиясы – пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін барынша қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру.
- Бюроның даму стратегиясы статистикалық өнімнің және үдерістердің сапасын үнемі жақсартуға бағытталған.
- Пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және даму стратегиясын іске асыру үшін Бюро уақтылы, өзекті, нақты және дәйекті статистикалық ақпаратты өндіреді. Осыған тұтынушылардың ағымдағы және потенциалды қажеттіліктерін зерттеу; заманауи ақпараттық технологияларды, халықаралық стандарттармен және талаптармен салыстырмалы ғылыми негізделген статистикалық әдіснаманы бекіту, жұмысқа біліктілігі жоғары және құзыретті мамандарды тарту жолымен қол жеткізеді.
- Басшылық Бюроның барлық қызметкерлерінің:
- тиісті деңгейдегі кәсіптік білімі мен тәжірибесінің болуына, кәсіби құзыреттілік пен тұлғалық сапасының үнемі жетілдірілуіне;
- ресми статистикалық ақпаратпен пайдаланушылардың белгіленген және жобаланған талаптарының, сондай-ақ заңнамалық және регламенттейтін талаптардың орындалуының маңыздылығын түсінуіне;
- жұмыстың сапалы орындалуына қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне тырысады.
- Респонденттердің заңды құқықтарын құрметтей отырып, Бюро алынған алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және статистикалық құралдарды жетілдіру мен әкімшілік дереккөздердің деректерін пайдалану арқылы респонденттерге жүктемені азайтады. Бюро респонденттерден алынған алғашқы статистикалық деректерді тек қана ресми сатистикалық ақпаратты өндіру мақсатында қолданады.
- Статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сенімінің маңыздылығын және оны арттыру басымдығын және қоғам мен мемлекеттің болжамдарына сәйкес мемлекеттік статистиканы жетілдіру қажеттілігін сезіне отырып, Бюро өз қызметін мынадай мемлекеттік статистика қағидаттарымен, сондай – ақ сапаны қамтамасыз етудің ұлттық негізгі қағидаттарымен жүзеге асырады:
- Статистика жүйесін басқару:
Ұлттық статистика жүйесіне ұсыныстар әзірлеу;
Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен және деректерді жеткізушілермен қарым-қатынастарды басқару ;
Статистикалық стандарттарды басқару.
- Институционалдық ортаны басқару:
Кәсіби тәуелсіздікті қамтамасыз ету;
Әділеттілікті және обьективтілікті қамтамасыз ету;
Транспаренттілікті қамтамасыз ету;
Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету ;
Сапаға адалдығын қамтамасыз ету ;
Тиісті ресурстар көлемімен қамтамасыз ету.
- Статистикалық үдерістерді басқару:
Ғылыми негізделген әдіснаманы қолдануын қамтамасыз ету;
Экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
Статистикалық үдерістердің іске асырылуын қамтамасыз ету;
Респонденттерге түсетін жүктемені реттеу.
- Статистикалық өнімді басқару:
Өзектілікті қамтамасыз ету ;
Дәйектілік пен сенімділікті қамтамасыз ету ;
Уақтылықты қамтамасыз ету ;
Қолжетімділік пен анықтықты қамтамасыз ету ;
Үйлесімділік пен салыстырмалылықты қамтамасыз ету ;
Метадеректерді басқару.
- Бюро басшылығы Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
- Бюро басшылығы осы сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру үшін, оны Бюроның барлық қызметкерлері түсінуі мен қолдауын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады.