«Тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
3, 4, 5, 7, 8, 11 және 13-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және
7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі» (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. «Азық-түлік өнімдерін, алкогольсіз және алкогольді сусындар, темекі өнімдерін сатып алу» 2-бөлімінде әрбір сатып алу «Азық-түлік өнімдерінің атауы» бағанына азық-түлік өнімдерінің тиісті тобына жеке жолда жазылады, мысалы: қара бидай наны, күріш, ұн «нан – тоқаш өнімдері және жармалар» тобына; қант, тосап, кәмпит «қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер» тобына жазылады.
Жазбалар анық, толық болуы қажет, себебі әрбір тауар алдағы уақытта кодтауға жатады.
Келесі жекелеген азық-түлік өнімдері үшін сипаттама талап етіледі, мысалы:
ет түрі: сиыр, шошқа, қой еті және еттің басқа да түрлері;
ірімшік түрлері: мәйекті, балқытылған, тұзды ірімшіктер және ірімшіктің басқа да түрлері;
нан түрлері: қара бидай, қара бидай-бидай, бидай наны және нанның басқа да түрлері.
«Сатып алу мақсаты» 1-бағанын толтыру кезінде «9 – басқасы» кодына салтанатты, салт-жоралық іс-шараларды өткізу үшін сатып алынған азық-түліктер және тауарлар жатады. Азық-түлік өнімдері консервілеуге, мұздатуға, кептіруге (қайта өңдеу) сатып алынған жағдайда «3 – қайта өңдеу» коды қойылады.
«Қанша айға сатып алынды?» 6-бағанын толтыру кезінде қорға сатып алынған азық-түлік өнімдері қанша айға сатып алынғанына қарай 1 айдан
12 айға дейін кодтар қойылады.Азық-түлік тауары бір айдан аспайтын уақытқа сатып алынса, бұл жағдайда «Қанша айға сатып алынды?» 6-бағанын толтыру қажет емес.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. «Қоғамдық тамақтандыру» 3-бөлімінде темекі өнімдерін сатып алуды, осы мекемелерде телефонмен сөйлесулерді қоспағанда, мейрамхана, дәмхана және ұқсас мекемелерге шығыстарға тамақтандыруды ұйымдастыру, тағамға, сусындар және жеңіл дәмтатымға төлем, оларды даярлау және беру, дәмхана, мейрамхана, буфет, бар, шайхана, кофеханалар және жедел тамақтандыру кәсіпорындары қызметіне шығыстар жатады.
мәдени және спорт орталықтарында: театрларда, кинотеатрларда, спорт стадиондарында, мұз айдындарында, музейлерде, сурет галереяларында және ұқсас орындарда;
қоғамдық көлікте: поездарда, ұшақтарда, кемелерде (тамақтың бағасы тасымалдау үшін билет сомасына қосылған жағдайдан басқа);
ойын-сауық орындарында: түнгі клубтарда, барлары бар дискотекаларда және басқа ойын-сауық орындарда тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Қоғамдық тамақтандыру асханалары көрсететін қызметтеріне шығыстарға ауруханалардың стационарлық пациенттеріне арналған азық-түлік және сусындарды қоспағанда, жұмыс, қызметтік асханалардағы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Оқушыларға арналған тамаққа оқушылар оқитын жерлерде орналасқан асхана, буфеттерге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Студенттерге арналған тамаққа студенттер оқитын жерлерде орналасқан асхана, буфет, дәмханаларда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Жеткізіліммен тамаққа тапсырыс беруші өзі алып кететін немесе үйге жеткізілетін дайын тағам жеткізушілеріндегі тағамдар және жеңіл дәмтатымдарды сатып алу жатады.
«Басқасы» жолы бойынша автомат-машиналарда, дүңгіршіктерде, көшедегі жаймабазарларда және осыларға ұқсас сауда нүктелерінде сатылатын тұтынуға дайын азық-түліктерге жұмсалған шығыстар жазылады.
«Алынуы» 1-бағаны бойынша «1 – сатып алу» және «2 – сыйлық» кодтары белгіленеді. «1 – сатып алу» коды тамақ үй шаруашылығы бюджеті есебінен сатып алынған жағдайда белгіленеді. «2 – сыйлық» коды қайырымдылық түскі астар кезінде тамақ ақысыз, тегін алынған жағдайда, жергілікті бюджет есебінен бастауыш мектеп оқушылары үшін, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін тегін болғанда белгіленеді. 2-баған «Сыйлыққа алынған болса, порция санын көрсетіңіз» тек 1-баған бойынша «2 – сыйлық» коды қойылған жағдайда ғана толтырылады. Порция бір адамға бір рет қабылдау үшін есептелген тағам және сусынның белгілі бір мөлшері.«Құны» 3-бағаны бойынша қоғамдық тамақтандыру сатып алуға жұмсалған сома қойылады және егер тамақ сыйлыққа алынса, құны шамамен жазылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ересек халыққа темекі тұтынуы туралы сауал салу» (индексі D 007, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Ересек халыққа темекі тұтынуы туралы сауал салу»
(индексі D 007, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ересек халыққа темекі тұтынуы туралы сауал салу» (индексі D 007, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулықта Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) кальян – темекіні әлсіз жандыру немесе қыздырудан туатын аэрозольды, буды немесе түтінті, сондай-ақ аэрозоль, бу немесе түтін сұйықтықпен түтікше арқылы өтетін темекі жапырағы жоқ өнімдерді тарту үшін пайдаланылатын аспап;
2) орама темекі – қолдан жасалған сигар немесе папирос;
3) өндірісте шығарылған темекілер - өнеркәсіптік тәсілмен дайындалған, кесілген шикізаттан тұратын, темекі қағазымен оралған темекі шегетін темекі бұйымының түрі;
4) сигаралар және сигариллалар – сигар және басқа шикізаттан дайындалған және көптеген қабаттары бар темекі шегетін бұйымның түрі: кесілген немесе жыртылған сигар және басқа шикізаттан жасалған салма, сигар немесе басқа шикізаттан жасалған салма және қалпына келтірілген темекіден немесе целлюлоза және темекі негізінде дайындалған арнайы қағаздан жасалған сигар табак жапырағынан жасалған орама;
5) супервайзер – үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізуді қамтамасыз ететін және интервьюерлер жұмысын бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органының қызметкері;
6) темекi өнiмдерi – шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдаланылатындай етіп жасалған шикізат материалы ретінде толығымен немесе ішінара темекі жапырағынан дайындалған өнімдер;
7) трубка – арнайы дайындалған және кесілген темекіні тарту үшін құрал;
8) электрондық темекі – ингаляцияға арналған жоғары дисперсті буды (аэрозоль) жасайтын электрондық құрылғы. Оны никотинді жеткізу құралы ретінде де, никотинсіз хош иісті буды (аэрозоль) деммен жұту үшін де қолдануға болады. Бу қыздырғыш элементтің бетінен арнайы дайындалған сұйықтықтың булануынан пайда болады және темекі түтініне ұқсайды.
9) темекіні қыздыруға арналған жүйе – құрамында никотин бар аэрозоль түзетін темекіні қыздыру үшін пайдаланатын құрылғы («IQOS» (АЙКОС), «GLO» (ГЛО)).»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 3-бөлімді темекі тартатын респонденттер толтырады, яғни бөлімнің
1 және 2 сұрақтарына оң жауап берген респонденттер. 3-бөлімдегі 6-сұрақта интервьюер қораптардың санын емес темекі өнімдерінің санын данада тіркейді.
Егер респондент аптасына бір реттен аз темекі тартатынын көрсетсе, онда темекі өнімдерінің санын аптасына дана түріне қайта санап, көрсету қажет.
3-бөлімде «өзге» нұсқасына қолданылуы бір реттік дозада өлшенетін насыбай, шайналатын не иіскейтін темекі және тағы басқа кіреді (күніне, аптасына қолданылған дозаның саны).»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. 6-бөлімдегі 15, 16, 17 және 18-сұрақтарда респондент темекі тартудың зияны туралы өз пікірін білдіреді. 19 және 20-сұрақтарда респондент жұмыс және қоғамдық орындарда темекі тартуға толықтай тыйым салатын заңға қатысты өз пікірін білдіреді.
Сауал салуды аяқтаған соң, интервьюер сауал салу барысында қандай да бір бөлімдер немесе сұрақтар қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін статистикалық нысанды тағы да бір рет қарап шығады және респонденттерге ынтымақтастығы және көмегі үшін алғыс білдіреді.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы» (индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы»
(индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы» (индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – Бақылау карточкасы) толтыруды нақтылайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 6-сұрақта отбасылық жағдайының кодтарына сәйкес отбасылық жағдайы көрсетіледі. Осы бағанды толтыру кезінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген ерлер мен әйелдер үшін неке жасы – 18 жас екендігі ескеріледі.
Бақылау карточкасында неке ретінде ресми, сондай-ақ бірге тұру сияқты азаматтық одақ та белгіленеді.»;
11-тармақта жаңа редакцияда жазылсын:
«11. 7-сұрақта табельмен, аттестатпен немесе оқу орнын бітіргені туралы дипломмен құжатпен расталатын қол жеткізген білімінің ең жоғарғы деңгейі толтырылады. Тыңдалған білім курсы туралы анықтамалардың болуы, сонымен қатар аяқтағаннан кейін сертификаттар немесе куәліктер берілетін бухгалтерлік, хатшы-референт, компьютерлік курстар да есепке алынбайды.
Қол жеткізген білім деңгейі келесі шарттарға сәйкес көрсетіледі:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – мектепке дейінгі мекемелерде (бала-бақша, мектепалды сыныптар) оқыған адамдар саналады;
бастауыш білім – 4 сыныпты бітіргендер;
негізгі орта білім – 9 сыныпты аяқтағандар;
орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім) –
11 сынып, бастапқы кәсіптік – кәсіптік-техникалық училище (КТУ), орта кәсіптік – колледж, техникум;
жоғары білім – университет, институт, академия;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім – егер үй шаруашылығының мүшесі магистратураны (аспирантура, докторантура) аяқтағаннан кейін диссертация қорғаса, ол жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар болып есептеледі;
ешқандай білім деңгейіне қол жеткізбеген – үй шаруашылығы мүшесінің ешқандай білімі жоқ. Мектеп білімімен қамтылған, бірақ бастауыш (1, 2, 3 және 4-сыныптар) білімді аяқтамаған балалар, мектепке дейінгі білімі бар болған жағдайда мектепке дейінгі білімі бар адамдарға жатады, мектепке дейінгі білімі болмаған жағдайда, ешқандай білімі жоқ адамдарға жатқызылады.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. 9-сұрақта 15 жас және одан үлкен жастағы адамдардың, соның ішінде уақытша кеткендер және уақытша келгендерд сұралады.
Жалданып жұмыс істейтіндер – кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) жұмыс істейтін немесе жеке тұлғада жазбаша түріндегі шарт, келісімшарт бойынша немесе кез келген меншік нысанындағы кәсіпорын, мекеме, ұйым әкімшілігімен немесе жеке меншік жалдаушымен жасалған ауызша уағдаластық бойынша жұмыс істейтін және еңбекақы түрінде (ақшалай немесе заттай нысанда) сыйақы алушы.
Жалданып жұмыс істейтіндер сондай-ақ әскерде келісімшарт бойынша, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарында қызметін өтеп жатқан адамдар жатады.
Жалданып жұмыс істейтіндер формальды тіркеудегілер, декреттік немесе бала күтіміне бойынша демалыстағылар жатпайды, себебі олар ұзақ уақыт болмайды және жұмыстан табыс алмайды әрі бала күтімі бойынша төлемдер алмайды.
Жалданбай жұмыс істейтіндер – өзінің жеке кәсіпорнында жұмыс істейтіндер, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысады:
кәсіпорынның, фирманың иелері немесе ортақ иелері, жеке өзі немесе бір не бірнеше серіктеспен өзінің жеке кәсіпорнында жұмыс істейтін, дара кәсіпкерлік қызметпен айналысатын;
ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметімен айналысатын фермерлер;
өзінің кәсіпорнында жұмыс істейтін өндірістік кооператив мүшелері – (артелдер) – тауарлар мен көрсетілген қызметтерді өндіретін кооператив, онда өндірісті, инвестициялауды және ұйым мүшелері арасында табыс бөлуді ұйымдастыру мәселерін шешу кезінде әркімнің құқығы кооперативтің басқа да мүшелерімен тең;
тұрақты негізде табыс әкелетін (мемлекеттік тіркеуден өткен, сондай-ақ өтпегендер) экономикалық қызметті жүзеге асыратын жеке негізде жұмыс істейтіндер;
сату үшін өнім өндіретін үй шаруашылығында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ отбасылық кәсіпорында немесе кәсіпте көмекші ретінде жұмыс істейтіндер.
Жұмыс істемейтін және жұмыс іздеп жүрген (жұмыссыз) – респонденттің жұмысы немесе табыс әкелетін кәсібі жоқ, оны іздеуде және оған кірісуге дайын.
Зейнеткер (жұмыс істемейтін зейнеткер) – жұмыс іздемейтін және жұмыс істемейтін зейнетақы алуға құқығы бар (мерзімінен ерте зейнеткерлікке шығаруды қосқанда) респондент белгілейді.
Оқушы, студент – жұмыс іздеп жүрмеген және жұмысы жоқ оқыту нысанына қарамастан оқитын студент.
Үй шаруашылығымен, балаларды немесе басқа адамдарды күтумен айналысатын – отбасы мүшелерін күтумен немесе үй шаруашылығымен айналысатын, жұмыс іздемейтін және жұмыс істемейтін респондент.
Уақытша немесе ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіз – мүгедектіктің болуына қарамастан денсаулығына байланысты жұмыс істемей алмайды.
Басқа да себептер бойынша жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтін – жоғарыда аталған себептерден басқа өзге себептер бойынша жұмыс іздемейтін және жұмыс істемейтін үй шаруашылығының мүшесі.»;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Басшы |
|
Н. Айдапкелов |
Результаты согласования
Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 17.10.2021 11:14:07, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 27.10.2021 09:23:25, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Басшы Н. Айдапкелов, 29.10.2021 11:52:16, положительный результат проверки ЭЦП