Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті туралы ереже

ҚазақстанРеспубликасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі Ұлттық

статистика бюросы басшысының

2022 жылғы «___» ____________

№ _____ бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті

туралы ереже

(№ 16-1-22)

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Статистикалық процестерді дамыту департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі - Бюро)құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережені, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Бюро туралы ережені, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымы мен қызметкерлерінің штат санын Бюро басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы бекітеді.
  4. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері:

1) Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы (СҚЖБ);

2) Пайдаланушылармен жұмыс басқармасы (ПЖБ);

3) Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы (ОӘЖБ).

 

  1. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Статистикалық қызметті жоспарлау және мониторинг;

2) Статистикалық жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту;

3) ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс;

4) бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) жұмыс;

5) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департаменттің функцияларына сәйкес Бюроның жоспарларында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша қызметін, Бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Бюроның ведомстволық бағынысты ұйымын талдау;

2) мемлекеттік органдардың, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен Бюроның, аумақтық бөлімшелердің атына сұраныстардың жобаларын дайындау;

3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоспарлау және бақылау құжаттарының орындалуы туралы есептер алу;

4) Бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымнан қойылған міндеттер мен жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпарат алу;

5) Департамент пен Бюроның жұмысын ұйымдастыру мен жұмыс әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

6) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ Бюроның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін актілерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

8) өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдардың және ұлттық статистикалық қызметтердің өкілдерімен Бюроның кеңестеріне, семинарларына, конференцияларына, кездесулеріне қатысу;

9) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бюро ұйымдастыратын мәжілістерге, алқа мәжілістеріне, семинарларға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға материалдар дайындау;

10) Бюро қызметкерлерін ішкі оқытуды үйлестіру және олардың алған біліміне талдау жүргізу;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде ақпаратқа қол жеткізу;

12) Департаменттің нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

13) өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынған басқа да тапсырмалардың орындалуын жүзеге асыру;

14) Бюро жоспарларында көзделген жұмыстың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуді қамтамасыз ету;

16) көрсетілген міндеттерден туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Функциялары:
  • «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Статистикалық жұмыстар жоспарын және Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін қалыптастыру және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • респонденттерге жүктемені төмендету бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • жалпымемлекеттік статистикалық бақылауды статистикалық нысандарын оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді және оларды сайтта орналастыру үшін PDF форматына ауыстырады;
  • ведомстволық статистикалық бақылауды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты келісугеқатысады;
  • жалпымемлекеттік статистикалық бақылаулардың статистикалық нысандарының есебін жүргізеді;
  • ведомстволық статистикалық бақылаулардың статистикалық нысандарының есебін жүргізеді;
  • «е-статистика» АЖ-да «бір терезе»-де«Жүктемені есепке алу базасы» және «Есептерді қабылдау» модульдерін жүргізу және өзектендіру бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • ерікті негізде респонденттердің қатысуыменжалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық бақылаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды жүргізеді;
  • респонденттермен жұмыс бойынша аумақтық бөлімшелерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
  • статистикалық нысандарды қайта қарау бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуетті респонденттермен жұмыс кездесулерін өткізу кестесін бекітеді;
  • мүдделі тараптардың қатысумен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын қайта қарау бойынша фокус-групп өткізу бойынша Бюроның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;
  • жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бланкілерінің таралымын көбейтуге қажеттілік есептерін орындайды;
  • санақ бойынша жарияланымдардан басқа, жарияланым қызметі бойынша жұмысты ұйымдастырады;

16)Бюроныңжиынтықжарияланымдарынәзірлейді;

  • статистикалықжарияланымдардышығаруТізбесі мен кестесінқалыптастырады;
  • пайдаланушылардыстатистикалықжарияланымдарменқамтамасызетілуін ұйымдастырады;
  • жарияланымдарды ресімдеу стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • тапсырыс берушінің өкілі ретінде баспа өнімдерін шығаратын жеткізуші ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  • жариялау қызметі саласында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу үшін техникалық ерекшелікті әзірлейді;
  • Статистикалық жұмыстар жоспарының «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат» статистикалық жарияланымдарды Бюроның Интернет-ресурсында орналастыру мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Бюроның аумақтық бөлімшелерінің сайттарына мониторинг жүргізеді;
  • ХВҚ-ның арнайы деректерді тарату стандарттары шеңберінде ресми статистикалық ақпаратты тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың электрондық мекенжайларына электрондық таратуды ұйымдастырады;
  • жазылушылар базасын ресми статистикалық ақпаратты электрондық таратуға жүргізеді;
  • Бюроның ведомстволық бағынысты ұйымымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсету және бірыңғай ақпараттық қызмет қызметі жөнінде нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын әзірлейді және бекітеді;
  • «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;
  • Бюроның ведомстволық бағынысты ұйымы көрсеткен мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
  • Бюроның Интернет-ресурсын ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ дизайн және құрылым бөлігінде оны дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
  • ресми статистикалық ақпараттарды навигациялау мәселелері бойынша консультация беру бөлігінде Талдау ИАЖ онлайн-чат арқылы пайдаланушылармен кері байланысты қамтамасыз етеді;
  • «Экономика және статистика» тоқсандық ғылыми-ақпараттық журналды қалыптастыру және бекіту бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
  • заңнамада бекітілген тәртіппен Президент Әкімшілігі, Үкімет, министрліктер және олардың ведомстволары,заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына және өтініштеріне жауаптар қалыптастырады;
  • пайдаланушыларға сауалнамалық пікіртерімді жүргізеді және есепті қалыптастырады;
  • Президент Әкімшілігі, Үкімет, жоғар тұрған мемлекеттік органдар және Бюро басшылығы тапсырмалары бойынша ақпараттық-талдамалы материалдарды уақтылы ұсынады;
  • Департамент статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарында пайдалану үшін Бюроның басқа құрылымдық бөлімшелерінен, сонымен қоса ведомстволық бағынысты ұйымынан өз құзыреті шегінде қажетті материалдарды алады;
  • Бюроның қызметі бөлігінде Мемлекеттік органдардың Интернет-ресурсының бірыңғай платформасын толтырылуына мониторингін жүргізеді;
  • Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастырады;
  • респонденттер мен пайдаланушыларды Ақпараттық қызмет арқылы консультациялық қолдау, сүйемелдейтін құжаттаманы жүргізеді;
  • Бюроның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Бюроның қызметі және жүргізіп отырған саясаты туралы ақпараттық - талдамалық материалдар қалыптастырады;
  • құзыреті шегінде БАҚ-та және Бюро сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда Бюроның қызметін жариялайды;
  • БАҚ үшін баспасөз хабарламаларын және басқа да жарияланымдарды ресімдеудің негізгі талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • БАҚ-пен байланысын қамтамасыз етеді;
  • Бюро қызметі туралы БАҚ-та жарияланған материалдарды талдайды, Бюро басшылығына арналған БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарламаларға шолу жасайды, Бюро басшылығына Бюро жұмысына БАҚ-тың ұстанымы туралы, БАҚ-тағы жауаптар туралы Бюро басшылығына хабарлайды;
  • баспасөз конференцияларын ұйымдастырады, бейне, фото және аудио материалдарды дайындайды және БАҚ-қа таратады, Бюро қызметіне байланысты әр түрлі мәселелер бойынша брифингтер өткізеді;
  • Бюроның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарын сүйемелдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады
  • баспасөз хабарламалары жоспары және медиа жоспарды әзірлейді және бекітеді;
  • ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға арналған Ашық есік күнін өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Бюроның stat@aspire.gov.kz электрондық почтасына келетін пайдаланушылардың сұрақтарына жауаптар дайындайды;
  • сенім телефоны бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Бюро сайтындаstat.gov.kz«Сұрақ-жауап» айдары арқылыресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен кері байланысты қамтамасыз етеді;
  • министрліктер, ведомстволардың ресми сұрауларына, заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптар қалыптастыру;
  • мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жүргізу жөніндегі Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады;
  • Бюроның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары семинарларының жоспарларын қалыптастыру және мониторингтеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  • Бюро қызметкерлерін ішкі оқытудың жылдық бағдарламасын әзірлейді;
  • Бюроның салалық құрылымдық бөлімшелерімен оқу материалдарын әзірлеуді үйлестіреді;
  • ішкі оқыту қорытындылары бойынша Бюро қызметкерлерінің біліміне бағалау жүргізу кестесін әзірлейді;
  • Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары мен схемаларын құруға қатысады;
  • статистика саласындағы халықаралық ұйымдардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • статистика саласындағы оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу жөніндегі Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;
  • Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау мақсатында халықаралық жобалар мен жұмыс топтарына қатысады;
  • өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен талқылауды, келісуді және тиісті қорытындыларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын), сондай-ақ осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес осы талап қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алуды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес бекітеді;
  • нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз етеді;
  • Департамент міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды орындайды.

 

  1. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Заңнамада белгіленген жағдайларда Департамент директорының орынбасары (орынбасарлары) болады.
  4. Департамент директоры Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Департамент директоры мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
30 июня 2022