Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы « » № бұйрығына 10 - қосымша
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық технологиялар департаментітуралы ереже
(№16-10-22)
- Жалпы ережелер
- Ақпараттық технологиялар департаменті (бұдан әрі –Департамент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі - Бюро) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикаксының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдегі Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы23 қарашадағыЗаңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылы 5 қазандағы №427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережені, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
- Департамент
1) Ақпараттық жүйелерді үйлестіру және интергациялау басқармасы;
2)Статистикалық процестерді цифрландыру басқармасынан тұрады.
- Департаменттіңтапсырмалары, құқықтары мен міндеттері
- Міндет:
1) статистикалық бірыңғай стандарттар қолдануды қамтамасыз ету ;
2) ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және талдау;
3) статистикалық жүйесін дамыту;
4) деректерді жинақтау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
5) деректер қорымен жұмысты қамтамасыз ету;
6) Бюроның Электрондық үкімет құрамындағы жұмысын үйлестіру;
7) Бюроның ақпараттық жүйелерін дамыту;
8) Бюроның ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша техникалық бөлімендегі жұмыстарды үйлестіру;
9) Бюроның бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету;
- Құқықтары мен міндеттері:
- белгіленген тәртіп бойынша оған жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін Бюроның құрылымдық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, және өзге де мүдделі ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
- өз құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер өткізуге, оған қатысу үшін Бюроның басқа бөлiмшелерi, басқа мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдар мамандарын қатыстыру үшін тартуға;
- оның мүддесін қорғайтын мәселелер бойынша Бюро бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, басқа мүдделi ұйымдар мәжілістеріне қатысуға;
- Департамент құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша Бюро басшылығына ұсыныстар енгізуге;
- Департамент құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық жобаларға қатысуға;
- Қазақстанның Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Департамент оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте және өз өкілеттілігі шегінде:
- Департамент құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша қажет болған жағдайда, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;
- құжаттарды мұрағатқа бергенге дейін есепке алу және сақтау, жай-күйі және бүтіндігін бақылауды жүзеге асыру;
- кіріс және шығыс ақпараттар бойынша қорытындылар мен материалдарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындау;
- Департамент құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және Бюроның Интернет-ресурсында Бюроның қызметiн баяндау;
- Департамент құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша Департамент (Бюро) ұйымдастыратын мәжілістерге, кеңестерге, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау, сонымен бірге жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ережелер, бұйрық жобаларын дайындау;
- заңмен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Департаменттің нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу;
- ұлттық санақтарды жүргізу кезінде жалпы басшылықты үйлестіреді және жүзеге асырады;
- ұлттық санақтарды өткізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
- ұлттық санақ нәтижелерін қалыптастыруды және жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
- Функциялар
- жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқау нысандарына сараптама жүргізу;
- көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында қолданыстағы статистикалық нысандарға талдау жүргізу және статистикалық нысандар, сауалнамалар, сұрақнамалар әзірлеуге қатысу;
- нормативті құқықтық актілер, әдістемелер, әдістемелік нұсқаулықтар жобалары бойынша тұжырымдар дайындауға қатысу;
- «ЖПКЖ» АЖ, «ТСКЖ» АЖ, «е-Статистика» ИАЖтехникалық қолдау көрсетумен және сүйемелдеуге байланысты Бюроныңбюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу;
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен талқылауды, келісуді және тиісті қорытындыларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын), сондай-ақ осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алуды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес бекітуге;
- нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оларды тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталонды бақылау банкіне жолдау және орналастыруды қамтамасыз ету.
- ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және талдау, Бюроның ақпараттықжүйелерін дамытуға заманауи технологияларын енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- Бюроның метадеректері ақпараттық-статистикалық жүйесін қалыптастыру және жүргізу;
- Метадеректер ақпараттық жүйесін дамыту және сүйемелдеу бойынша жұмыстарын үйлестіру;
- Метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту бойынша әдіснамалық басшылықты дайындау.
- Жекепікіртерімнің компьютерлендірілген жүйесі (бұдан әрі- «ЖПКЖ» АЖ),Телефон арқылы сауал салуды жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі (бұдан әрі - «ТСКЖ» АЖ), он-лайн режимде деректерді жинақтау ақпараттық жүйесіндамыту және сүйемелдеубойынша жұмысты үйлестіру;
- Алғашқы статистикалық деректерді сақтау орнын, Өңдеу ақпараттық жүйесін, Агрегатталған көрсеткіштер деректер қорын, Бюроның ақпараттық-талдамалық жүйесін, Сыртқы Интернет-порталдыstat.gov.kzдамыту және сүйемелдеу бойынша жұмысты үйлестіру;
- Бюроның Ақпараттық-талдамалық жүйесіне және Агрегатталған көрсеткіштер деректер қорына көрсеткіштерді жүктеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Бюроның Агрегатталған көрсеткіштер деректер қорынан регламенттелген есептерді қалыптастыружәне құрастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану бойынша іс-шараларды іске асыру;
- Департаменттің құзыреті шегінде Бюроның ашық деректері бойынша жұмыстарды үйлестіру.
- Электрондық үкімет құрамына кіретін «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру.
- Бюроның ақпараттық жүйелерін құру мен сүйемелдеу бойынша жұмыстарды үйлестіру, тапсырыс берушінің өкілі ретінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыныңақпараттық есептеу орталығы» РМК-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сонымен қатар басқа да мердігерлік мекемелермен;
- Бюроның Ішкі Интранет-порталын дамыту және ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- «Халық санағы» АЖ-ды дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру.
- Бюроның интеграциялық копонентін, Әкімшілік деректерінің деректер қорындамыту және сүйемелдеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Бюроныңақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдармен интеграциялау бойынша, сонымен қатар «е-Статистика» ИАЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және әкімшілік деректер алу бөлігінде әкімшілік дереккөздермен интеграциялау бойынша Бюроныңқұрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
- «Smart Data Ukimet»ақпараттық-талдамалық жүйесінмен Бюроның ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- деректерді тасымалдау ортасы, арналары мен әдістері бөлігінде Өзара іс-қимыл қағидаларын келісуге қатысу.
- Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеумен және техникалық қолдаумен, деректер қорларын және олардың платформаларын сүйемелдеумен, байланыс арналарын жалдаумен, деректер тапсырумен және Бюрода заманауи ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу;
- техникалық ерекшеліктің сапалы дайындалуын және функционалдық қызмет шегінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, мемлекеттік сатып алу бойынша шарт міндеттемелерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- Бюро және оның аумақтық бөлімшелерін есептеу және ұйымдастыру техникасының құралдарымен, телекоммуникацялық жабдықтармен, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етумен, жиынтық және шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің келешектегі және жыл сайынғы жоспарын құрастыру;
- құзыреті шегінде тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сапалы қабылдануын қамтамасыз ету.
- нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етеді;
- алғашқы статистикалық деректерді, оның ішінде ұлттық санақтарды жүргізу кезінде алынған деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және белгіленген тәртіппен талдамалық шешімдер қабылдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату.
- Департамент қызметін ұйымдастыру
- ДепартаментҚазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымғаБюро басшысы тағайындайтын жәнелауазымнан босатылатын директор басқарады.
- Заңнамада белгіленген жағдайларда мемлекеттік органның департамент басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.
- Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.