Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит тізбесін бекіту туралы БҰЙРЫҚ

БҰЙРЫҚ                                                                                    ПРИКАЗ

       ______15.04.2021ж.________                                                                       №__60__ 

               Нұр-Сұлтан  қаласы                                                                 город  Нур-Султан

 

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы

 

 

 

 

     

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) Ішкі аудит басқармасы Тізбе бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Бюроның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бюроның Ішкі аудит басқармасының басшысы Е.Б. Мырзатаевқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басшы                                                                                      Н. Айдапкелов

 

 

 

 

Дата публикации
16 апреля 2021