Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ереже
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып статистикалық қызметті жүзеге асыру;
қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деге қажеттілігін қанағаттандыру.
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді;
4) алдағы күнтізбелік жылға статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыру кезінде жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсыныстар енгізеді;
5) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
6) алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде белгіленген мерзімдерде сақтауды қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және Бюромен келіседі;
8) санақ парақтарын әзірлеуге қатысады;
9) пилоттық санақ жүргізеді;
10) ұлттық санақтарды жүргізеді;
11) Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік статистика саласында әкімшілік дереккөздерге қатысты профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды, қарайды және мемлекеттік статистика саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жазалар қолданады;
15) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізеді;
16) өз құзыреті шегінде Бюроның ресми көздерден алған деректерін мониторингтеуді, талдауды және салыстыруды жүзеге асырады;
17) бағаларды тіркеуді жүргізеді;
18) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, деректер базаларын және олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, Бюроның интернет-ресурсын қалыптастыруды және өзектілендіруді қамтамасыз етуге қатысады;
19) облыстың және оның қалаларының, аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық деректер базаларын жинақтауды, жүргізуді және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;
20) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етуге қатысады;
21) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз етуге қатысады;
22) әкімшілік деректерді статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін ғана пайдаланады;
23) салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
24) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
респонденттерден өтеусіз негізде алғашқы статистикалық деректерді алу;
үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу;
статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;
респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалағаны анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын, бұрын ұсынылған статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;
Ұлттық статистика бюросының қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу жүргізу;
жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;
тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп, халық арасында ұлттық санақтарды жүргізудің мақсаты мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санақ персоналын іріктеуді және олармен ұлттық санақтарға қатысуға шарттар жасасуды жүзеге асыру;
санақ парақтарына сынақ жүргізу;
ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемдерде ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
сотқа жүгіну;
аппеляциялық алқаның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыным енгізу және кассациялық наразылық келтіру үшін істерге қатысты барлық материалдарды Бюроға жіберу.
Бюроға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат жіберу;
аумақтық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;
байланыс операторларынан алынған респонденттердің байланыс деректерін құзыреті шегінде пайдалану.
1) Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметіне жалпы басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) Департамент басшысы Бюроға бекіту үшін өз орынбасарларының өкілеттіктері бойынша ұсыныс енгізеді;
3) құзыреті шегінде Бюро әзірлейтін құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Департамент жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Департамент жұмыскерлерін (қызметкерлерін) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
6) өңір шегінде өзіне және өзінің орынбасарларына қатысты іссапарға жіберу мәселелерін шешеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Департаменттің жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
8) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті құқықтық актілер шығарады және нұсқаулар береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;
10) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
11) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;
12) Департаменттің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) Бюроға Департаменттің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Департаменттің балансында көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.