Биылғы дода 8 ақпан мен 11 сәуір аралығында өтіп, 14 спорт түрін қамтыды. Жарыстың жабылу рәсімі еліміздегі ең көне спорт кешендерінің бірі — Өскемен қаласындағы Борис Александров атындағы спорт сарайында өтті.
Үш айға созылған тартысты бәсеке қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақмола облысы топ жарды. Өңір спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Жалпыкомандалық есеп:
1. Ақмола облысы — 16 алтын, 9 күміс, 4 қола
2. Астана қаласы — 15 алтын, 18 күміс, 42 қола
3. Алматы қаласы — 11 алтын, 9 күміс, 31 қола
Ақмола облысы спортшылары жеңістерінің негізгі бөлігін шаңғы жарыстарында (10 алтын медаль) қамтамасыз етті.
Бұл жетістік — өңірде қысқы спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі. Инфрақұрылымның жаңғыруы, жас спортшыларға арналған мүмкіндіктердің кеңеюі және жаттықтырушылар құрамының кәсіби біліктілігі — осы табыстың негізгі факторлары.
Алдыңғы Спартакиадалар жеңімпаздары:
🔺2021 жыл — Алматы қаласы
🔺2017 жыл — Алматы қаласы
🔺2013 жыл — Шығыс Қазақстан облысы
VI қысқы Спартакиада еліміздегі бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына серпін беріп, өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен бәсекелестікті нығайтты.