Көркем гимнасшы Ақмарал Ерекешева халықаралық турнирде топ жарды

Көркем гимнасшы Ақмарал Ерекешева халықаралық турнирде топ жарды

Көркем гимнастикадан Грекияда ұйымдастырылған дәстүрлі 10-шы «Афродита кубогы» халықаралық турнирінде 2010 жылғы жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үздік шықты.

Жалпы ұпай:

🥇🇰🇿 Ақмарал Ерекешева - 101.650 ұпай
🥈🇧🇬 Магдалена Волкова - 99.000
🥉🇺🇸 Наталие Де Ла Роса - 98.400

Жарыс барысында Ақмаралға доп, шеңбер, лента жаттығуында да ешкім лайықты бәсекелестік көрсете алмады.