Мөлдір Жаңбырбай биыл Париж бен Ханчжоудағы Karate 1-Premier League турнирінен кейін өзінің Grand Winner атағын сақтап қалатын мүмкіндігі зор

Мөлдір Жаңбырбай биыл Париж бен Ханчжоудағы Karate 1-Premier League турнирінен кейін өзінің Grand Winner атағын сақтап қалатын мүмкіндігі зор

Біздің көшбасшымыз (-50 кг) Францияда қола, Қытайда күміс жүлдегер атанды.

🔺Кумите, -50 кг дейінгі салмақтың турнир кестесі:
🇰🇿Мөлдір Жаңбырбай - 1260 ұпай
🇮🇷Сара Бахманяр - 1140 ұпай
🇩🇿Силия Оуйкене - 1140 ұпай

🇰🇿Еске сала кетейік, Мөлдір былтыр маусым қорытындысы бойынша өз салмағының үздігі атанған.

Ал биыл нағыз чемпион Марокконың Рабат қаласында жылдың шешуші премьер-лига бәсекесінен кейін өтетін гала-концертте марапатталады. Барлығы 12 категория бойынша үздіктер анықталады.