Ертуған Зейнуллинов -«Странджа» турнирінің чемпионы

Ертуған Зейнуллинов -«Странджа» турнирінің чемпионы

Болгария төріндегі алғашқы отандық финал 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының арасында өтті.

Бұған дейін Қазақстан чемпионатының жартылай финалы мен Париж Олимпиадасының іріктеу спаррингінде есе жіберген Ертуған осы жолы реванш жасап қана қоймай, бірінші мәрте чемпион атанды.

Осы салмақта бұған дейін 2018 жылы Сабыржан Бекбергенов алтын медальді еншілеген болатын.