
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы үшін Харбиндегі қысқы Азия ойындарындағы кезекті ойын аяқталды.
Пхёнчхан Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Оңтүстік Кореямен болған матчта ойыншыларымыз ұтылып қалды. Есеп: 2-8.
Біздің кёрлинг шеберлеріміз 2-ші және 4-эндте ұпай алып, есепті қысқартқан. Осыдан кейін Оңтүстік Корея спортшылары еш мүмкіндік бермеді.
Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*).
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де Қазақстан мен Таиланд кездеседі. Осыдан кейін жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болады.
Фото: Сали САБИРОВ