Азат Күмісбай жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлде алды

Азат Күмісбай жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлде алды

Дзюдодан Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 81 кг сынға түсетін Азат Күмісбай тұғырға көрінді.

Ұлттық құрама спортшысы 3-орын үшін таласта жергілікті палуан Сунатулло Мусоевтан басым түсті.

Осыған дейін 60 кг дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 7 қазанға дейін жалғасатын бәсекеде 67 елден 531 жас татами шебері бақ сынап жатыр.