ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу аяқталып, көпсайыста ертең жүлдеге таласатын спортшылар белгілі болды.

Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева 126.600 ұпай жинап, жалпы есепте қазір 11-орынға сырғыды. Өкінішке қарай, биыл Азия чемпионы атанған Елжана финалға шыққан 10 гимнастың қатарынан шығып қалды.

Таниеваның көрсеткіші:
Лента - 31.450 балл
Ұршық - 32.300 балл
Доп - 32.000 балл
Шығыршық - 30.850 балл

Ертең таңдаулы 10 гимнаст Париждегі ойындардың медалін өзара сарапқа салады.

Фото: Сали САБИРОВ