Грек-рим күресінен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов ресми түрде Олимпиаданы аяқтады.
Жерлесіміз 1/4 финалда Токио Олимпиадасының чемпионы Жан Беленюктен (Украина) жеңілген еді. Егер қарсыласы финалға шыққанда, қола жүлде үшін күресер еді. Алайда Украина спортшысы жартылай финалда Иранның жас палуаны Алиреза Мохамедиден айласын асыра алмады.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ