
Таеквондодан 58 келідегі Самирхон Абабакиров ресми түрде Париж Олимпиадасын аяқтады.
Себебі, жерлесімізді жеңген Токио Олимпиадасының чемпионы Вито Делль'аквила (Италия) жартылай финалда күтпеген жерден Әзірбайжан өкілі Гашим Магомедовтен есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Самирхон алғашқы айналымда Вито Делль'аквилаға (Италия) 1:2 есебімен жол берген болатын. Егер Италия спортшысы финалға шыққанда, отандасымыз қола жүлдеге таласу мүмкіндігін иеленер еді.
Фото: Сали САБИРОВ