
Париж Олимпиадасында таеквондошымыз Самирхон Абабакиров (58 кг) алғашқы айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Вито Делль'аквилаға (Италия) аса шиеленісті өткен айқаста жол берді.
Есеп: 1-2.
Самирхон G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы.
Енді Вито финалға шықса, Самирхон қола медаль үшін таласа алады