АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ

Париж Олимпиадасында велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыс аяқталды.

Ұлттық құрама спортшысы Алексей Луценко мәреге 52-ші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 6 сағат, 26 минут 57 секунд. Жеңімпаздан 7 минут 23 секунд қалып кетті.

Өкінішке қарай, Евгений Фёдоров жарысты орта жолда аяқтап, мәреге жете алған жоқ.

Бүгін жарыс жолына барлығы 50-ден астам мемлекеттен 90 спортшы шықты. Олар 273 шақырымды жүріп өтті.

Бельгиялық Ремко Эвенепул Париж Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы атанды (6:19:34). Француз Валентен Мадуа күміспен күптелді. Үздік үштікті тағы бір француз Кристоф Лапорт түйіндеді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ