
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арасында бекітілген «Ұлттық спорт университеті» нысанының құрылысын аяқтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде кезекті аралық жұмыстың актісін қабылдау мақсатында аталған мекеме өкілдері барды.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтінен келген ерікті Гүлден Зиядина екі кезеңнен тұратын нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
1-кезеңнің құрылысы 2022 жылдың қыркүйегінде басталды. Жобаға: колледж ғимараты, 500 орындық жатақхана, стадион, жабық жеңіл атлетика манежі, жүзу бассейні, көпфункционалды кешен кіреді. Оларды аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.
2023 жылдың желтоқсанында басталған 2-кезең жобасының нысандарын 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Бұлар: университет ғимараты, ғылыми-зерттеу орталығы, 1000 орындық жатақхана, медициналық оңалту орталығы, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тұрғын үй (84 орын), инженерлік желілер, абаттандыру жұмыстары.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.