СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА: МИЛАД КАРИМИ ФИНАЛДА 24-ОРЫН АЛДЫ

СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА: МИЛАД КАРИМИ ФИНАЛДА 24-ОРЫН АЛДЫ

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы көпсайыста жүлдегерлер анықталды.

Милад Карими 76.065 ұпай жинап, 24-орын алды.

Шығыршық - 12.933 балл
Тіреніп секіру - 14.400 балл
Қос сырық - 14.066 балл
Керме - 12.700 балл
Еркін жаттығу - 13.433 балл
Ат снаряды - 8.533 балл

Милад бірнеше күн бұрын көпсайыстан іріктеуде 82.065 ұпаймен (18-орын) ақтық сынға шыққан. Айта кетейік, жекелеген сындағы көпсайыстың финалында 24 гимнаст сынға түсті.

Алтын Синносукэ Оканың (Жапония) еншісінде кетті. Күміс Джан Боен (Қытай), қола Сяо Жотенге (Қытай) бұйырды.

Енді Милад 2 тамызда еркін жаттығудың финалында жүлдеге таласады. Отандасымыз іріктеуде 14.433 ұпайдың арқасында үздік сегіздікке кірген.

Бұл Милад қатысқан екінші олимпия ойындары. Каримидің Токиодағы көрсеткіші:
Көпсайыс (финал) 14-орын
Еркін жаттығу (финал) 5-орын
Керме жаттығуы (финал) 8-орын

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ