
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитриенко финалдық кезеңге (6 спортшы) өте алмады.
Іріктеу кезеңі. 30 қатысушы
1️⃣Магрина Молне — 123 ұпай
2️⃣Цюцю Ву — 122 ұпай
3️⃣Адриана Руано Олива — 122 ұпай
4️⃣Силвана Мария Станко — 122 ұпай
5️⃣Фатима Галвез — 122 ұпай
Тағы 3 спортшы 121 ұпай жинады. Олар 1 жолдаманың иегерін анықтау үшін, қосымша сайысқа түседі.
🔟Мария Дмитриенко — 120 ұпай
Мария Дмитриенко бұған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында да бақ сынап, іріктеу кезеңінде 8-орын алған болатын.
🆕Ең үздік көрсеткішіміз:
2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Елена Стручаева іріктеу кезеңінде 3-орын алса, финалдық сайысты 6-орынмен аяқтады.