
Мирас Мұратбеков Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында мас-рестлингтен қола жүлдеге ие болды.
Отандасымыз 70 кг салмақта жүлде үшін кездесуде ресейлік Ренат Николаевтан (Қиыр шығыс федералды округы) ағашты тартып алды.
Барлығы 12 елден 44 спортшы жиналған бұл ойында ел намысын 4 мас-рестлинг шебері қорғады.
Айта кетейік, мас-рестлинг якут халқының ұлттық спорты. Біздің арқан тартуға ұқсайды. Айырмашылық, мұнда спортшылар арқанның орнына ағаштан ұстап отырып, тартысады.