
Шинкиокушинкай каратэден балалар, жасөспірімдер, жастар, ардагерлер арасындағы Astana Cup-2024 халықаралық жарысы басталды.
Биылғы додаға 5 мемлекеттен 36 команда және оның құрамында 570 спортшы, 62 жаттықтырушы, 45 төреші қатысуда.
Грузия
Моңғолия
Өзбекстан
Қырғызстан
Қазақстан
11 облыс және 3 мегаполис.
«Астана кубогы» бәсекесі 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
2023 жылы Токиода (Жапония) өткен WKO каратэден 13-ші абсолютті әлем чемпионатында отандасымыз Антон Зимарев 4-орын алып, ел тарихындағы ең үздік көрсеткішті тіркеген.
Жомарт Айтқазы (Астана қалалық Шинкиокушинкай каратэ федерациясының вице-президенті):
«2021 жылғы пандемиядан кейін енді ғана турниріміз жалғасып жатыр. Федерациямызда 1500-нан астам спортшымыз бар.
Каратэ Шинкуиокушинкайдың өзге спорттардан басты ерекшелігі — кішкентай бала мен үлкен кісілер де айналыса беруіне болады. Олар белбеу деңгейін жарысқа қатысып немесе қатыспай да өсіру мүмкіндігіне ие. Яғни салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен жандар ешқандай айқассыз емін-еркін каратэмен жаттыға алады.
Бұйырса, шілде айының 19-21 күндері аралығында Жапонияда Karate Dream Festival 2024 International Championship атты турнирде 5 отандасымыз бақ сынайтын болады».
Халықаралық жарыс Beeline Arena спорт кешенінде 30 маусымға дейін жалғасады.