
Садақ атудан 18-23 маусым күндері аралығында Антальяда (Түркия) Әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді. Біздің елден 9 спортшы жүлдеге таласады.
Артем Кичкин (Ұлттық құраманың бас бапкері):
1️⃣Әлем кубогы Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы ресми жарыс. Сондықтан бұл жерге Әлем және Олимпиада чемпиондарының барлығы жиналады. Біздің ерлер құрамасы (Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко) осындай бәсекелер арқылы физикалық және тактикалық дайындықтарын жетілдіруге үлкен мүмкіндік алады.
2️⃣Әйелдер арасында жеке сайыс түрлері бойынша Париж Олимпиадасының 2 жолдамасы әлемдік рейтинг арқылы анықталады. Ал шешуші рейтинг дәл осы Әлем кубогының үшінші кезеңінен кейін шығады. Олимпиадаға 64 спортшының баратындығын ескерсек, дәл қазір қыздарымыз басты мақсаттарына жету үшін, 1/2, 1/4 финалға шығуы тиіс.
Диана Тұрсынбек (75-орын)
Алина Ильясова (110-орын)
Елизавета Авдеева (212-орын)
3️⃣Әлем кубогының деңгейі Әлем чемпионатынан кем түспейді. Барлығы да сол қатысушылар. Бұл жердегі жетістіктердің маңыздылығы жоғары. 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бәсекеде ерлер құрамасы 2017 жылы 1 алтын, 1 күміс ғана иеленген.
Турнирге 62 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады.