СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА: МИЛАД КАРИМИ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА: МИЛАД КАРИМИ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Спорттық гимнастикадан Ташкентте (Өзбекстан) басталған лицензиялық Азия чемпионатының алғашқы күнінде атақты Милад Карими көпсайыс бағдарламасында күміс жүлдеге болды.

24 жастағы Милад Каримидың бұл сары құрлықтағы 6-шы жүлдесі. Бұған дейін ол әр жылдары 🥈1 күміс, 🥉4 қола жүлде жеңіп алған еді.

🥇🇵🇭Карлос Юло (2 дүркін Әлем чемпионы) — 84,931 ұпай

🥈🇰🇿Милад Карими — 84,632 ұпай

🥉🇺🇿Абдулла Азизов — 82,431 ұпай

Дәл осы жеке сайыста Париж Олимпиадасының 1 жолдамасы сарапқа салынған еді. Алайда отандасымыз 79,598 ұпай жинап, бұл мүмкіндіктен айырылды. Ал лицензия Абдулла Азизовқа бұйырды.

Ерлерден бөлек, жасөспірімдер арасында да жарыс өтеді. Бәсеке 19 мамырға дейін жалғасады. Одан кейін әйелдер сынға түсетін болады.