
17 мамырда Ташкентте үстел теннисінен Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Орталық Азия елдерінің іріктеу турнирі басталады. Жарысқа Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан спортшылары қатысып, жекелей сында ерлер арасында бір, әйелдер арасында бір лицензия үшін таласады. Бүгін жеребе тартылып, қазақстандық теннисшілердің топтардағы қарсыластары белгілі болды.
Ерлер, №1 топ.
Кирилл Герасименко (Қазақстан), Азамат Ергешов (Қырғызстан), Ильяс Алланазаров (Түрікменстан)
№3 топ.
Алан Құрманғалиев (Қазақстан), Нима Аламиан (Иран), Зохид Кенжаев (Өзбекстан)
Әйелдер, №1 топ.
Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан), Розалина Хаджиева (Өзбекстан), Махшид Аштари (Иран), Саида Кудусова (Қырғызстан)
Әйелдер, №2 топ.
Анастасия Лаврова (Қазақстан), Мархабо Магдиева (Өзбекстан), Неда Шахсавари (Иран), Аяна Уланбекова (Қырғызстан).