ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА 39 АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 1-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА 39 АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 1-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

4-6 мамыр аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында WKF каратэден орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті.

Жарысқа 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэ бағдарламасында барлығы 7 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан спортшы, жаттықтырушы мен төрешілерді қосқанда барлығы 400-ге жуық адам болды. Сонымен қатар еліміздің бірқатар төрешілері емтихан тапсырып, өз шеберлігін шыңдады.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 39 алтын, 30 күміс, 47 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 1-орынға ие болды.

1. Қазақстан: 39 алтын, 30 күміс, 47 қола

2. Өзбекстан: 22 алтын, 29 күміс, 58 қола

3. Түркменстан: 6 алтын, 7 күміс, 20 қола

4. Қырғызстан: 4 алтын, 2 күміс, 8 қола

5. Иран: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола

6. Тәжікістан: 1 күміс