
13-16 сәуір аралығында Таиланд елінің Сонгкхла қаласында жағажай волейболынан халықаралық турнир өтеді.
Әлемдік додада 15 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Аталмыш бәсекеде бақ сынайтын қазақстандық волейболшылардың тізімі:
Ерлер: Нұрдош Алдас, Сергей Богату, Дмитрий Яковлев, Кирилл Гурин
Бас бапкер – Денис Ровкин
Әйелдер: Лаура Қабылбекова, Надежда Иванченко, Анастасия Уколова, Мария Пересецская
Бас бапкер – Алексей Сидоренко.