Елена Рыбакина қатарынан 2-рет Miami Open турнирінің финалында ойнайды

Елена Рыбакина қатарынан 2-рет Miami Open турнирінің финалында ойнайды

Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренканы жеңді.

Ойын 2 сағат, 36 минутқа созылып, 6-4, 0-6, 7-6(2) есебімен аяқталды.

Матчтың статистикасы:

 

Рыбакина

Азаренка

Эйстер

 11

 8

Қосарлы қателер

 3

 6

Брейктер

 2

 4

Жеңіп алған ұпайлар саны

 88

 95

 

Бұл екі теннисші арасындағы 4-ойын. Барлық матчта Елена Рыбакина басым түскен (4-0).

Ұлттық құрама көшбасшысы былтыр да Майамидегі бәсекенің ақтық сынана жеткен. Алайда шешуші кездесуде чехиялық теннисші Петра Квитоваға жол берген.

Осыған дейін Майами корттарында Рыбакина Клара Таусон (Дания, 3-6, 7-5, 6-4), Тейлор Таунсенд (АҚШ, 3-6, 7-6(3), 6-4), Мэдисон Кизді (АҚШ, 6-3, 7-5) ұтқан. Ал ширек финалда Мария Саккариді (Грекия, 7-5, 7-6(4), 6-4) жарты жолда қалдырды.

Финалда қазақстандық теннисші Екатерина Александрова немесе Даниэль Коллинзбен сынға түседі. Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,7 млн доллар.

Фото: WTA