
31 наурыз бен 11 сәуір аралығында Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық Әлем Кубогы өтеді.
Ұлттық құрама сапында сынға түсетін атлеттер:
Әйелдер:
49 кг: Айнұр Әбдіхалықова;
59 кг: Дарья Балабаюк;
+87 кг: Айсамал Сансызбаева.
Ерлер:
55 кг: Ерназ Алпысов;
89 кг: Сергей Петрович;
109 кг: Мейрам Сұлтан.
Париж ойындарының лицензиясы үшін Айнұр Әбдіхалықова мен Сергей Петрович таласады. Сергейге жолдама алуы үшін Азия құрлығындағы рейтингтегі ТОП 10-дыққа кірмейтін осы салмақтағы өзге спортшылар оның былтырғы көрсеткіші – 363 келіден көп көтермеуі қажет. Егер қарсыластары еңсерсе, Петровичке өз нәтижесін жақсарту керек.
«Жуырда Алматы облысында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде Сергей 375 кг еңсерді. Егер Таиландта осы көрсеткішін қайталаса, Олимпиада лицензиясын алатын жақсы мүмкіндігі бар. Біз бәріміз осы жарыстан жақсы жаңалық күтеміз»,-деді ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов.
Осы тұста Сергей Петрович С тобында (5 сәуір) бақ сынайды. Ал А және В тобы ертесіне, 6 сәуірде үздіктерді анықтайды. Яғни, жолдама тағдыры екі күндік сайыстан соң шешіледі. Айта кетейік, Қазақстан 1996 жылдан бері барлық ойынға ауыр атлетикадан спортшы апарған.