
Анталья қаласындағы (Түркия) Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирінде 55 келіге дейін салмақта сынға түскен Бэлла Самашева бірнеше қарсыласын қапы қалдырды.
Алдымен италиялық Брунори Верониканы 5:2 есебімен сенімді ұтты. Содан кейін швециялық Матильда Розенлиндті (3:2) жеңді. Үшінші кездесуде түркиялық Гульсен Демиртурктен 4:2 есебімен басым түсті.
Ширек финалда Бэлла мысырлық спортшымен кездеседі.