МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Каратэден 50 келі салмақта бақ сынайтын Азия ойындары мен чемпионатының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 3 қарсыласын жеңіп, алтынға таласуға мүмкіндік алды.

Жарыс жолында қазақстандық спортшы италиялық Агус Азианы 6:2, Уикен Силия (Алжир) 6:4, португалиялық Родригес Катаринаны 3:1 есебімен ұтты.

Енді финалда Венесуэла өкілі Салазар Йоргелиспен жолығады.