АЛУА БАЛҚЫБЕКОВА 1/4 ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

АЛУА БАЛҚЫБЕКОВА 1/4 ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова жас боксшы Чон Джухённан 4:1 есебімен басым түсті.

Жекпе-жек барысында жерлесіміз алға ентелей ұмтылған Оңтүстік Корея боксшысын дәл соққылармен күтіп алып, қажет ұпайларын түгелдеді. Есеп: 4:1.

Ертең шешуші айқас өтеді.