
Бұл күндері Алматы қаласындағы Skala climbing gym спорт кешенінде ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Аталған ел біріншілігіне еліміздің 6 өңірінен 28 спортшы қатысып, бақ сынауда. Ересектер арасында үздіктер анықталды. Енді спортшылар жастар, жасөспірімдер санатында сынға түседі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Жылдамдық, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)
3 орын - Антон Зимин (Алматы қ.)
Жылдамдық, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)
Қиындық, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3 орын - Андрей Гизбрехт (Алматы қ.)
Қиындық, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)
Көпсайыс, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)
Көпсайыс, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)
Сонымен қатар ересектер арасында командалық есепте Астана құрамасы көш бастады. Алматы қаласының құрамасы екінші орыннан көрінсе, Солтүстік Қазақстан облысы үздік үштікті түйіндеді. Чемпионат 5 наурызға дейін жалғасады.