
Семсерлесу спортынан сапы сайысы бойынша Хайденхайм (Германия) қаласында әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы (Ерлік Сертай, Елмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов) 5-орыннан көрініп, 14 ұпайға ие болды.
Жарыс жолындағы көрсеткіштеріміз:
1/16 финал
Қазақстан🆚Швеция 45:36
1/8 финал
Қазақстан🆚Испания 45:43
Испания — 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
1/4 финал
Қазақстан🆚Венгрия 28:45
Әлемнің көшбасшыларының бірі саналатын Венгрия сапында әлем чемпиондары Мате Кох пен Гергей Шикло өнер көрсетеді.
5-8-орын үшін сайыс
Қазақстан🆚Чехия 45:33
5-8-орын үшін сайыс
Қазақстан🆚Украина 45:34
Енді әлем кубогының шешуші кезеңі 24 наурыз күні Тбилисиде (Грузия) өтеді.
Сәуір айының басында әлемдік рейтинг (50 мемлекет) бойынша бастапқы 24 команда Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.
Әлемдік рейтинг:
1️⃣Италия — 349 ұпай
2️⃣Франция — 321 ұпай
3️⃣Венгрия — 292 ұпай
4️⃣Жапония — 278 ұпай
5️⃣Венесуэла — 278 ұпай
6️⃣Қазақстан — 264 ұпай
Естеріңізде болса, 2023 жылы Түркияда өткен алғашқы әлем кубогының кезеңінде жігіттеріміз тарихи алтынға қол жеткізген еді.