Алина Ажғалиева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Алина Ажғалиева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Шорт-трекші Алина Ажғалиева Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ол 1500 метрге жарыстың финалында тек Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомодиге жол берді. Бұл Қазақстан тарихында шорт-тректен қыздардың әлем чемпионатында еншілеген алғашқы жүлдесі. Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Денис Никиша тұғыр сатысына көтерілген.