Үстел теннисінен 16-25 ақпан күндері аралығында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы тұңғыш рет плей-оффқа жолдама алды.
1/4 финалға шыққан командалар Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады.
В тобы
Қазақстан🆚Сауд Арабиясы 3:0
Қазақстан🆚Англия (өткен әлем чемпионатының 1/8 финалисі) 2:3
Қазақстан🆚Германия (өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 2:3
Қазақстан🆚АҚШ 3:1
Топтық кезеңде 2️⃣-орын.
Қазақстан атынан сынға түсіп жатқандар:
Кирилл Герасименко — 7 жеңіс
Алан Құрманғалиев — 1 жеңіс, 4 жеңіліс
Айдос Кенжеғұлов — 1 жеңіс, 4 жеңіліс
Плей-офф. 21 ақпан.
1/16 финал
Қазақстан🆚Үндістан (С тобында 3-орын)
2022 жылғы әлем чемпионатында қос команда топтық кезеңде жолығып, жерлестеріміз 2:3 есебімен жол берген еді. Осы жолы есе қайтарады деп сенеміз.
1/8 финал
Қазақстан/Үндістан🆚Оңтүстік Корея (өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері)
БҰҒАН ДЕЙІНГІ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ:
2022 жыл — Топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.
2018 жыл — 2 дивизион
2016 жыл — 3 дивизион
2014 жыл — 3 дивизион
2012 жыл — 4 дивизион