Ұлттық құрама Дохадағы регатада 4 медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама Дохадағы регатада 4 медаль жеңіп алды

Бүгін Қатар мемлекетінің астанасы Дохада желкенді қайық спортынан халықаралық регата аяқталды.

Мұнда Қазақстан құрамасы 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Zest санатында Карина Жанғазова 2-орыннан көрінді. Ал Антон Гаас «лазер» санатында, Карина Жанғазова жекелей сында, Берік Кубаев пен Яна Белозерова жұбы «470» санатында үздік үштікті түйіндеді.