TURKISH OPEN G1: ЖАНСЕЛЬ ДЕНИЗ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

TURKISH OPEN G1: ЖАНСЕЛЬ ДЕНИЗ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Таэквондодан 13-14 ақпан аралығында Анталияда (Түркия) өткен халықаралық турнирде 73 келідегі Жансель Дениз 2-орынға ие болды.

Финалдық бәсекеде отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, осы салмақтағы басты фаворит саналған Альтея Лореннен есе жіберді.

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖАРЫС ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ:

1/8 финал. Нур Назар Мохаммед 2:0
1/4 финал. Ивета Жиранкова 2:1
1/2 финал. Суде Ярен Узунчавдар (Еуропа ойындарының чемпионы) 2:0
Финал. Альтея Лорен 1:2

48 елден 541 спортшы қатысып жатқан жарыстың шешуші күнінде ерлер 8 салмақта жеңімпазды анықтайды.