Астана қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен грек-рим әдісі бойынша 10 салмақтағы жеңімпаздардың толық есімі белгілі болды.
60 келі
🥇Айдос Сұлтанғали (Қызылорда обл)
🥈Ғалым Қабдунасаров (Жетісу обл)
🥉Дастан Зарлыханов (Ақмола обл)
🥉Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе обл)
67 келі
🥇Мейіржан Шермахамбет (Шымкент қ.)
🥈Дін-Мұхамед Қошқар (Жамбыл обл)
🥉Алмат Кебіспаев (Қарағанды обл)
🥉Алматбек Аманбек (Алматы обл)
77 келі
🥇Демеу Жадыраев (Жетісу обл.)
🥈Тамерлан Шадукаев (Қостанай обл)
🥉Ибрагим Магомадов (Қарағанды обл.)
🥉Әбдіәзім Қарабаев (Шымкент қ.)
87 келі
🥇Азамат Қыстаубаев (Астана қ.)
🥈Мақсат Сайлау (Астана қ.)
🥉Темірлан Тұрдақын (ШҚО)
🥉Диас Қален (Жетісу обл.)
130 келі
🥇Әлімхан Сыздықов (Шымкент қ.)
🥈Салават Ахметқали (ШҚО)
🥉Джохар Узаров (Шымкент қ.)
🥉Мансур Шадукаев (Қостанай обл.)
ЖАЛПЫ 10 САЛМАҚ БОЙЫНША ЖҮЛДЕ КЕСТЕСІ:
1️⃣Жетісу облысы — 🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉1 қола
2️⃣Шымкент қ. — 🥇2 алтын, 🥉4 қола
3️⃣Қызылорда облысы — 🥇2 алтын
4️⃣Астана қаласы — 🥇1 алтын, 🥈2 күміс
5️⃣Жамбыл облысы — 🥇1 алтын, 🥈1 күміс, 🥉1 қола
6-7-орын. СҚО — 🥇1 алтын
6-7-орын. Атырау облысы — 🥇1 алтын
8-орын. Қостанай облысы — 🥈2 күміс, 🥉3 қола
9-орын. ШҚО — 🥈2 күміс, 🥉2 қола
10-орын. Алматы облысы — 🥈1 күміс, 🥉2 қола
11-орын. Қарағанды обл. — 🥉3 қола
12-13-орын. Түркістан облысы — 🥉1 қола
12-13-орын. Алматы қ. — 🥉1 қола
Ақмола обл. — 🥉1 қола
Ақтөбе обл. — 🥉1 қола
Юрий Мельниченко (Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері):
«Олимпиадаға іріктеу кезеңі болған соң, турнир өте тартысты өтті. Неге? Себебі, өз салмақтарының көшбасшылары бірнеше келі қосып немесе азайтып күресті. Мысалы, Ғалым Қабдунасаров 63 келіде Қазақстан чемпионы. Осы жолы 60 келіде финалға дейін жетті. 55 келіде 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасында өткен әлем чемпионы Исхар Құрбаев та 60 келіге көтерілді. Мейрамбек Айнағұлов та жақсы күресіп, қола жүлдеге ие болды. Дегенмен, Айдос Сұлтанғали өзінің мықтылығын көпшілікке мойындатты. Балуанымыздың денсаулығына байланысты емделгенін де ескерген жөн.
67 келіде Мейіржан Шермахамбет те көзіне 3 мәрте ота жасатып, қайта үлкен спортқа оралды. Әсіресе ширек финалдық белдесуде әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері Алмат Кебіспаевтан басым түсті.
77 келіде Демеу Жадыраев былтыр әлем чемпионатында лицензияға бір ғана қадам қалғанда тоқтап еді. Осы жолы ол шеберлігін одан әрі күшейтіп, қайта топ жарды. Күміс жүлдегер Тамерлан Шадукаев та ауыр жарақаттан соң, аз дайындықпен финалға жеткені үлкен жетістік.
Жалпы жарыстың атмосферасы керемет. Ұйымдастырылу деңгейі жоғары. Осының арқасында балуандарымыз шетелдік спорт кешендерінде еш саспай, қарсыластарымен теңдей күресуге мүмкіндік алады».