ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ: ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНДЕ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ: ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНДЕ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Күрес түрлерінен кезекті ел біріншілігі басталды. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шебері қатысып жатыр.

Турнирдің алғашқы күнінде грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

55 келі

🥇Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу обл.)
🥈Айбек Айтбеков (Астана қ.)
🥉Ербол Камалиев (Алматы обл.)
🥉Қасым Аден (Түркістан обл.)

«Әрбір қарсыласты оңайға соқпады. Физикалық тұрғыдан өте қиын болды. Финалда Астана қаласының спортшысын 10:0 есебімен ұттым. Бұнымен тоқтап қалмауға тырысамын. Бұйырса, Азия, әлем чемпионаттарында жоғары орындар алуға үшін талпынамын»,-деді Нұрзат Қабдырахимов.

63 келі

🥇Ержет Жарлықасын (Жамбыл обл.)
🥈Диас Әскербай (ШҚО)
🥉Айбек Есмуратов (Қостанай обл.)
🥉Мұхамедәли Мамырбек (Шымкент қ.)

«Мен үшін турнирдегі ең қиын белдесу ширек финалда өтті. Себебі, Жетісу облысының балуанынан 1:5 есебімен жеңіліп жатып, 6:5 есебімен басым түстім. Соңына дейін тоқтамай күресуімнің арқасында чемпион атандым»,-Ержет Жарлықасын.

72 келі

🥇Николай Хапко (СҚО)
🥈Ерасыл Нұрбосынов (Алматы обл.)
🥉Әділхан Сатаев (Шымкент қ.)
🥉Елдос Камелов (ШҚО)

82 келі

🥇Евгений Поливадов (Атырау обл.)
🥈Альмир Төлебаев (Жетісу облысы)
🥉Талас Әшірханов (Жамбыл обл.)
🥉Мирас Баршылықов (Қостанай обл.)

«Жеребе өте ауыр түсті. Барлық фавориттер мен жақта болды. Бұған дейін жеңіліп келген қарсыластарнан есемді қайтардым. Финалда жас та болса да, Альмир өте лайықты деңгейде қарсылық көрсетіп, 4:3 есебімен ғана жеңдім»,-деді Евгений Поливадов.

97 келі

🥇Олжас Сырлыбай (Қызылорда обл.)
🥈Иусуф Мациев (Қостанай обл.)
🥉Ислам Умаев (Алматы қ.)
🥉Ерулан Искаков (Қарағанды обл.)

«Олимпиадалық салмақ болғандықтан, қарсыластарым жақсы дайындықпен келген. Бұйырса, Париж Олимпиадасының лицензиясын алуға бар күшімді саламын. Азия құрлығынан тек Иран спортшыларында ғана жолдама бар. Сондықтан оңай болмайтыны анық»,-деді Олжас Сырлыбай.

Ертең грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келідегі жеңімпаздар белгілі болады.