Семсерлесуден Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Семсерлесуден Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

29-31 қаңтар аралығында семсерлесуден (шпага) Катар астанасы Дохада Гран-при турнирі өтеді. Додада 58 елден 277 спортшы бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Георгий Тинников, Александр Федотов.

Бұл Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

САПЫ (ШПАГА) САЙЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕГІ ОРЫНДАРЫМЫЗ:

4 Руслан Курбанов — 127.000 ұпай
44 Эльмир Әлімжанов — 43.500 ұпай
89 Вадим Шарлаимов — 20.250 ұпай
107 Ерлік Сертай — 16.500 ұпай
299 Георгий Тинников — 3.000 ұпай
462 Александр Федотов — 0.500 ұпай.