
5-18 қаңтар күндері аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында 3 бірдей жүлде бұйырды.
10 метрлік қашықтықтан жылжымалы нысанаға ату сайысында Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, кезекті жарысында чемпион атанды.
Ал ерлер сайысында Илья Зотеев қола жүлде иеленді.
Дәл осы жаттығудан командалық бәсекеде өнер көрсеткен ерлер құрамасы да (Андрей Худяков, Илья Зотеев, Асадбек Назиркульев) жүлдегерлер қатарына кірді.
Әзірше Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлде алды.