GRAND PRIX ZAGREB OPEN: АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕНІ АЛДЫ

GRAND PRIX ZAGREB OPEN: АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕНІ АЛДЫ

Күрес түрлерінен Хорватия елінде басталған әлемдік рейтингтік турнирде алғаш рет жүлде бұйырды.

Еркін күрестен 86 келіде Париж Олимпиадасының жолдама иегері, әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков осы жолы күміс жүлдеге ие болды.

1/16 финал
Дипак Пуния (былтырғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 6:2

1/8 финал
Валентин Бабил 11:0

1/4 финал
Евсем Швелидзе 10:0

1/2 финал
Матт Файнсилвер 10:0

Финал
Магомед Рамазанов (Ресей сапында 2019 жылы әлем кубогында топ жарған, 2024 жылдан бастап, Болгарияның намысын қорғайды) 5:8

Айта кетейік, тек қана 86 келі салмақта 10-ға жуық Дағыстан палуаны өзге елдің туы астынан өнер көрсетеді.