Спорттық медицина, спорттық ғылым және жоғарғы білім мамандарының қатысуымен жиналыс өтті

Спорттық медицина, спорттық ғылым және жоғарғы білім мамандарының қатысуымен жиналыс өтті

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде спорттық медицина, спорттық ғылым және жоғары білім мамандарының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс күн тәртібінде:
- Париж Олимпиадасына дайындық кезеңінде жаттықтырушылар құрамының білімі мен біліктілік деңгейін арттыру,

- ҚР құрама командаларының жаттығу-жарыс үрдісін жетілдіру үшін Кешенді ғылыми топтар жұмысын ұйымдастыру форматы талқыланды.

Бокс, велоспорт, жүзу, дзюдо спорт түрлері бойынша құрама командалармен бірге жұмыс істейтін спорт дәрігерлері, бас жаттықтырушылар, ғалымдар КҒТ жұмысын жүргізуге бағытталған өздерінің кәсіби тәжірибелері мен көзқарастарымен бөлісті.