
2023 жылы бокстан 1-14 мамыр күндері аралығында Ташкентте өткен әлем чемпионаты жерлестеріміз үшін өте сәтті аяқталды.
Елімізден жүлде алғандар:
🥇🇰🇿48 келі. Дебютант Санжар Тәшкенбай (19 жас)
🥇🇰🇿54 келі. Махмұд Сабырхан (22 жас)
🥇🇰🇿71 келі. Асланбек Шымбергенов (29 жас)
🥇🇰🇿80 келі. Нұрбек Оралбай (22 жас)
🥈🇰🇿67 келі. Дебютант Дулат Бекбауов (26 жас)
ҚАНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕР БОЛДЫ?
Жүлде қоры 2 есеге көбейді.
1-орын — 200 мың доллар
2-орын — 100 мың доллар
3-орын — 50 мың доллар
🥇🇰🇿 Өзге елдің атынан сынға түскен 🇺🇿Руслан Абдуллаев чемпион атанса, 🇨🇳Тоқтарбек Таңатқан 🥈күміс жүлде алды.
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҚАЛАЙ ӨТТІ?
Өзбекстан елінен басым түскен жерлестеріміздің барлығы алтын алды. 48 келідегі Санжар Тәшкенбай мен 54 келідегі Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын нокдауға түсірсе, 71 келідегі Асланбек Шымбергенов ұпай санымен басым түсті.
2021 жылы өткен әлем чемпионатында ширек финалда 2:3 есебімен есе жіберген Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбайға осы жолы чемпиондық атақ бұйырды.
🥇80 келі салмақта тарихта алғаш рет қос қазақ әлем чемпионатының финалында айқасып, 🇰🇿Нұрбек Оралбай 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан өз тарихында әлем чемпионатындағы 2️⃣-ші үздік (2013 жылы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола алған) көрсеткішті көрсетті.
Санжар Тәшкенбай — 19 жасында әлем чемпионы атанған ең жас боксшы (2013 жылы Жәнібек Әлімханұлы 20 жасында жеңімпаз атанған) боксшы.
🥈🥇Махмұд Сабырхан кейінгі 2 әлем чемпионатында 2 рет жүлде алған жалғыз боксшы.
🥇🥇48 келіде 2 әлем чемпионаты қатарынан 2 түрлі ең жас және ең егде боксшымен алтын алдық.
Әлем чемпионатында жүлдеге ілікпеген 8 боксшымызды жеңген 6 қарсылас жүлде (🥇1 алтын, 🥈3 күміс, 🥉1 қола) алды.
Қазақстан құрамасы 2-ші әлем чемпионаты қатарынан жалпы жүлде рейтингісінде 2️⃣-орын алды. Бұған дейін 1 мәрте 1️⃣-орын, 4 мәрте 3️⃣-орын алған еді.
1974 жылдан бері өтіп келе жатқан әлем чемпионатының жалпы жүлдесінде Қазақстан құрамасы 3-орынға көтерілді.
🥇Куба — 🥇81 алтын
🥈Ресей — 🥇26 алтын
🥉Қазақстан — 🥇18 алтын
4.АҚШ — 🥇18 алтын (күмісі кем)
5.КСРО — 🥇15 алтын
6.Өзбекстан — 🥇14 алтын
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 42 жекпе-жек (16-Азия, 15-Еуропа, 5-Америка, 5-Африка)өткізіп, оның 33-інде жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы кімнен жеңілді?
Азия — 5
Америка — 2
Африка — 1
Еуропа — 1