Елордада киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир басталды

Елордада киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир басталды

Астана қаласындағы «Билайн Арена» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден Kazakhstan Open-2023 халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Бәсекеге еліміздің өңірлерінен және жақын шетелдерден 450-ден астам спортшы бақ сынауда.

Қатысушылар балалар мен жасөспірімдер және ересектер арасында сынға түсіп жатыр.

Айта кетейік, турнир 8-ші кюден төмен емес спортшылар арасында кумитенің жас топтары мен салмақ категориялары бойынша өтуде.