Астанада алғаш рет 10 түрлі биден әлем чемпионаты басталды

Астанада алғаш рет 10 түрлі биден әлем чемпионаты басталды

10 түрлі биден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Орталық Азиядағы ең әсем ғимараттың бірі саналатын ҚР Президент орталығында бастауын алды.

Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 27 мемлекеттен 54 спортшы чемпиондық атаққа таласады. Аталмыш бәсекеде Нейдас Ленкитис — Тамара Беленькая жұбы ел намысын қорғайды.

Жарыс жеңімпаздары 3 желтоқсан күндері анықталады.

Турнирдің ашылу салтанатында Туризм және Спорт министрлігінің вице-министрі Серік Жарасбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көрермендер сайыс барысында әлем чемпионатынан бөлек, жас ерекшеліктері бойынша түрлі би фестивалінде бақ сынайды.