Әлемнің үздік киокушинкай-кан каратэ шеберлері Алматыда жиналды

Әлемнің үздік киокушинкай-кан каратэ шеберлері Алматыда жиналды

Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өтуде.

Екі жылда бір өтетін жаһандық додаға 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Кеше жарыстың 1-ші күнінде «кумитэден» жасөспірімдер және «ката» бойынша барлық жас аралығында сайыстар өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс, 16 қола медальмен көш бастады. Одан кейін Жапония командасы (7 алтын, 6 күміс, 1 қола) мен Ресей (5 алтын, 6 күміс, 18 қола) келеді.

Бүгін жастар мен ардагерлер (+36) арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Ертең ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекемен жарыс аяқталады.